ICAAM 2024- Кері есептер бойынша ғылыми зерттеулер

30 қыркүйек, 2024

    Математика кафедрасының аға Шәкір Айдос Ғанижанұлы 23.09.2024-28.09.2024 қыркүйек күндері Түркияның Анталия қаласында өткен «Seventh International Conference on Analysis and Applied Mathematics 2024» атты халықаралық конференцияға қатысты. Ол «Inverse problem for parabolic equation with p-laplacian and damping term» тақырыбында «AP19676624-Біртекті және біртекті емес ньютондық емес сұйықтықтардың қозғалысын сипаттайтын Навье-Стокс-Фойгт моделдері» гранттық жобасының нәтижелерін апробациядан өткізу мақсатында баяндама жасады. Конференцияны ұйымдастырушылар: Математика және математикалық модельдеу институты (Алматы, Қазақстан), Бахчешехир университеті   (Стамбул, Түркия), Анализ және дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер орталығы (Гент, Бельгия). 

       Бұл зерттеу бірнеше Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ), соның ішінде ТДМ 9 (өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым) тығыз байланысы бар, өйткені ол инновациялар мен технологияларды дамытуға, ТДМ 4 (сапалы білім) білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және зерттеулер, ТДМ 13 (климаттың өзгеруі), табиғи ресурстарды тұрақты басқарудағы үлгілерді ықтимал қолдану арқылы және ТДМ 17 (мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестік), Математика және математикалық модельдеу институты (Қазақстан), Бахчешехир университеті (Түркия) және Анализ және дифференциалдық теңдеулер орталығы (Бельгия) сияқты ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Мұндай өзара іс-қимыл ғылыми жетістіктер мен халықаралық ынтымақтастық арқылы жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.

Досмағұлова Қарлығаш Алматқызы,
Математика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары