ТДМ 5. Өнер және гендерлік теңдік
«ТДМ №5. Гендерлік теңдік» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің студенттері мен магистранттары арасында ф.ғ.к, куратор-эдвайзер Е.М. Солтанаеваның бастамасымен 2024 жылдың 03 қазанында № 17 студенттер үйінде «Өнер және гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өкізді. Іс-шараның негізгі идеясы – аудиторияның гендерлік теңдік туралы ойларын кеңіту, «газлайтинг», «эмоционалдық зорлық», «деструктивті әрекеттер» секілді психологиялық ұғымдармен таныстыру. Студенттер гендерлік теңдік тақырыбы көтерілген кино, ән, сурет, күй өнерінің үлгілерін тамашалады. Д. Нұрғожаның «Қазақ әдебиетіндегі гендерлік теңдік және феменизм» тақырыбында баяндамасы тыңдалды. С. Бауыржанұлының орындауындағы «Салтанат» күйі және А. Ахмадиеваның орындауында «Балқадиша» әні шырқалды. Шара барысында студенттер ағылшын жазушысы П. Гамильтонның «Газ жарығы» пьесасының негізінде түсірілген киноны талқылады. Нәтижесінде эмоциялық қысымға шыдап берудің жолдарын қарастырды. Іс-шараны ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақ әдебиеті және әдебиеті кафедрасы және 401 топ кураторы Е.М. Солтанаева. Аталған шараға оқытушы-профессорлық құрам, магистранттар мен докторанттар және студенттер т.б. да мүдделі тұрғалар қатысты.