ПРОФЕССОР Г. Е. НАДИРОВА ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ

4 қазан, 2024

2024 жылғы 8 қазанда сағат 13:00-де қазіргі қоғамдағы гендерлік саясат мәселелері бойынша ғылыми семинар өтеді. Семинар онлайн режимінде, ZOOM платформасында өтеді. Семинардың тақырыбы: “Гендерлік теңдік және Шығыс елдері”. Семинар спикері – елімізге белгілі шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Надирова Гүлнар Ермұратқызы. Семинарда Гүлнар Ермұратқызы қазіргі әлемдегі, оның ішінде – Шығыс елдеріндегі гендерлік теңдік/теңсіздік мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып бермек. Профессор қазіргі әлемдегі гендерлік саясатқа әсер ететін   мәдени, діни, саясат секілді факторларға тоқталып кетпек. Семинарға Zoom-да қосылу сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/74989815208?pwd=qKl4p2TasqkHqS7lKb6P3ax4YtHXcf.1. Конференция идентификаторы: 749 8981 5208. Кіру коды: 9TmE15. Баршаңызды семинарға қатысуға шақырамыз!

Дәулет Ф.Н.