ҚазҰУ қалашығында 3 сайлау учаскесі жұмыс істеуде

6 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінде Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру үшін 3 сайлау учаскесі жасақталып, жұмыс істеуде.

 

Қалашықта орналасқан № 568, 258 және 259 үш сайлау учаскесінде дауыс беретін адам саны – 3 579. Оның ішінде 2 720-ы ҚазҰУ студенттері.

Сайлау учаскелері өз жұмысын жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де бастады. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Барлық референдум учаскесі қажетті материалдармен және атрибуттармен қамтамасыз етіліп, безендірілген. Әрқайсысында дауыс берушілер үшін толық ақпарат бар.

Университетте орналасқан сайлау учаскелерінде бекітілген тізім бойынша жергілікті тұрғындар мен ҚазҰУ ұжымы, сондай-ақ студенттер саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі