Гендерлік теңдік бойынша статистикалық деректерді талдау

5 қазан, 2024

2024 жылдың 05 қазанында филология факультеті 316 аудиторияда «Гендерлік теңдік бойынша статистикалық деректерді талдау» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шарада Қазақстандағы гендерлік статистика талқыланды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы тарапынан дайындалған әйелдер мен ерлердің білім беру, жұмыспен қамтылу, адам құқықтары мен саясат салаларындағы статистикасымен танысылды. Нәтижесінде, Қазақстан гендерлік көрсеткіш есебі бойынша 146 елдің ішінде 62 орында, елімізде әйелдердің сауаттылығы 99, 9% екендігін, басқару ісі мен саясатта, жұмыспен қамту саласындағы мәселелер, әйелдердің құқықтары жайында көптеген ақпараттар игерілді. Ашық тәрбие сағатына қатысушылар гендерлік саясат жайында өз ойларын бөлісіп, ерлер мен әйелдердің  арасындағы теңдік  жайында пікірлерін ортаға салды. Аталған іс-шараға оқытушы-профессорлық құрам және студенттер қатысты.

Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы «Түркітану» мамандығының 3 курс кураторы Г.A. Қанашаева және студенттер.