- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да «Дүниежүзі тарихын қазіргі заманның өзекті мәселелеріне қатысты зерттеу» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді
ҚазҰУ-да «Дүниежүзі тарихын қазіргі заманның өзекті мәселелеріне қатысты зерттеу» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы «Дүниежүзі тарихын қазіргі заманның өзекті мәселелеріне қатысты зерттеу» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.
Конференция аясында келесідей мәселелер талқыланады:
1. Еуразияшылдықтың тарихи тамырларын тарих ғылымындағы жаңа әдістемелік тұрғыларға сай және қазіргі заманғы өзекті мәселелерге қатысты зерттеу;
2. Түркі әлемі (мәдени-гуманитарлық ықпалдастығы орта ғасырлар, жаңа және қазіргі заман);
3. Қазіргі заманғы жаһандану және интеграция жағдайындағы әлемдік қауымдастық және Қазақстан.
Конференцияға қатысу үшін тапсырыстарды, баяндаманың тезистерін қараша айының 5-жұлдызына дейін келесі мекен-жайға жолдаңыздар: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультеті, Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, 415, 421 кабинеттер.
Конференцияға қатысу үшін тапсырыс беру формасы:
Тегі Аты. Әкесінің аты:
Ғылыми дәрежесі, қызметі:
Ел, аймақ, қала:
Ұйым, ЖОО:
Баяндаманың тақырыбы:
Қатысушының телефоны мен E-mail электронды поштасы:
Ұйымдастыру алқасаның байланыс телефондары: - 3773340, ішкі 1284, 1289. E-mail: aigera_akynova@mail.ru Акынова А.П.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, неміс, ағылшын.
Мәтінді әзірлеу тәртібі:
Мақаланы жинаққа жариялау 05 қарашаға дейін, келесідей тәртіпті қатаң сақтай отырып, конференцияны ұйымдастыру алқасына өткізулеріңізді сұраймыз: қаріп (шрифт) түрі «Times New Roman» немесе «Times New Roman KZ», 14-ші кегль, бір интервалдық арақашықтықта. Беттердің параметрлері: жоғары және төменгі алаң–2 см, сол жақ-3 см, және оң жақ 1 см. Автордың аты жөні, баяндаманың атауы бас әріптермен, жартылай толық шрифтпен (жоғары оң жақ бұрышта) жақша ішінде елі мен қаласы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны көрсетіледі. Мәтін ғылыми, стилистикалық және техникалық редакциялануы қажет. Абзац төрт таңбадан соң (табуляция 0,8 см).
Мақаланың көлемі – 6 бетке дейін, мүмкіндігінше мақаланың соңғы беті толық аяқталсын. Қағазға шығарылған баяндама мен электронды тасығыштағы файлда автордың тегі көрсетілсін.
Конференция материалдары арнайы жинаққа шығарылады.
Ұйымдастыру алқаса мерзімнен кешіккен, конференцияның ғылыми деңгейіне, тақырыбына сай келмейтін және көрсетілген талаптарға сәйкес емес мақалаларды қабылдамауға құқылы.
Өтетін уақыты: 2015 жыл 19-20 қараша, сағат 10:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-3, 4-қабат. Тарих, археология және этнология факультеті, Конференц зал.