Әбсаттар Әділ МаратұлыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02303 – Лингвистика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Әбсаттар Әділ Маратұлының «Эмотивті-бағалауыштық лексиканың антропоөзектік сипаты: қазақстандық және шетелдік БАҚ мәтіндері негізінде» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түркітану және тіл теориясы кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Жолшаева Майра Сатыбалдиевна – филология ғылымдарының докторы, доцент, SDU University (Қаскелең қ., Қазақстан);
  1. Амирбекова Айгул Байдебековна – филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты лексикология бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

  1. Мамбетова Маншук Кудайбергеновна – филология ғылымдарының кандидаты, түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Сема Аслан Демир – PhD докторы, Хаждеттепе университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Айдан Ирғатоғлұ – PhD, қауымдастырылған профессор, Анкара Қажы Байрам Уәли университеті (Анкара қ., Түркия);
  2. Есенова Қалбике Өмірбайқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
  3. Мухамеджанова Гульмира Тастемировна – PhD докторы, доцент, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі (Петропавл қ., Қазақстан).

Қорғау 2024 жылдың 8 қарашасында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D021300, 8D02303 – Лингвистика; 6D021000, 8D02306 – Шетел филологиясы; 8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі; 6D020700, 8D02302 – Аударма» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде, журналистика факультетінің 212-дәрісханасында оффлайн-онлайн форматында өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/97934859164?pwd=fRkWMG8bmqwEIM09z52doZ3qLWiiGt.1

Идентификатор конференции: 979 3485 9164

Жергілікті этикалық комиссия қортындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық