Бүгін Философия және саясаттану факультетінің 123-ші мәжіліс залында БҰҰ бекіткен «17 тұрақты даму мақсаттары» жобасы аясында «Гендерлік теңдік» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Негізгі бағыт: қазіргі қоғамдағы қазақ әйелінің бейнесі әрі рөлі жайында болды. Негізгі спикер: Тоқтарбекова Лаура Ниязбекқызы, Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD.
Дөңгелек үстел модераторы философия және саясаттану факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Осербаев Елдос Нұрланұлы. Дөңгелек үстелдің кіріспе сөзі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлына берілді. Дөңгелек үстел тақырыбы жан-жақты талқыланып, факультет магистранттары мен докторанттары тарапынан сұрақ-жауап алаңы болды.