ТДМ-4. Ғылым мен технологияларға қатысты халықаралық дөңгелек үстел өтті
2024 жылдың 7 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай ҚХР Цзяотун университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қытай мен Қазақстан: ғылым мен технологиялар ынтымақтастығы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚХР Цзяотун университеті өкілдері мен университетіміздің Журналистика факультетінің деканы және оқытушы-профессорлары қатысты. Атап айтқанда, Сиань Цзяотун университеті мерзімді басылымдар баспа үйінің бас редакторлары мен көмекшілері: Чен Ли, Чжан Конг, Чу Чихуа, Чжэн Яни, Ши Шуин, Сартова Айнұр қатысты. Дөңгелек үстелде Сиань Цзяотун университетінде жүргізілетін кітап басу және ғылыми жарияланымдарды жариялау, университет оқытушыларының Scopus базасындағы журналдарға өз мақалаларын жариялау бойынша сұрақтарға жауап алып, екі университет арасындағы студенттердің конференцияларға қатысып, жинақ шығару туралы ұсыныстары айтылып, тікелей пікір алмасу болды. Сонымен қатар, екі университет арасындағы тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнату мақсатында меморандумға қол қою туралы келісім жасалды.
Қалиакпар Данара Қылышбекқызы
ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы меңгерушісінің орынбасары,
PhD докторы