Олимпиялық жеңіс жолы: Спорттық жетістіктер ұлтты қалай шабыттандырады?Farabi University

Олимпиялық жеңіс жолы: Спорттық жетістіктер ұлтты қалай шабыттандырады?

28 қазан, 2024

Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбановпен өткен кездесу студенттер үшін шабыт мотив пенацияға толы болды! Нариман өзінің «Олимпиялық табыс жолымен» бөлісіп, гимнастикадағы алғашқы қадамдары, қийындықтарды жеңуі және дамуға дегенерация мотивациясын қалай тапқаны туралы айтып берді. Әртүрлі мамандық студенттері ониң тәжірибесіне қызығушылықпен сұрақ қойып, спорттық жетістіктер ұлттарды және жеке дамуды қалай шабыттандыратынын түсінді.

Кездесуде әзіл-оспаққа толы «Болды/Болмады» сұрақтары ерекше көңіл-күй сыйлап, Нариман кәсіби өмиріндегі қызықты жайттарды айтып берді. Әсіресе, ониң табандылық пен еңбекқорлық туралы айтқаны, они Олимп шыңына жетелегені жиналғандардың есінде қалды.

 

Бұл кездесу сондай-ақ Тұрақты Даму Мақсаттарының (ТДМ) маңыздылығын көрсетті, соның ішінде ТДМ 3: Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқат және ТДМ 4: Сапалы білім беру. Нариман Құрбанов спорттың физикалық және психикалық денсаулыққа әсері, сондай-ақ табысқа жету жолында тәртіп, мотивация және өзін-өзі дамытудың рөлі туралы айтты. Оның сөзі физикалық белсенділік пен мақсатқа ұмтылудың спорттық жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар тұрақты және салауатты өмір салтына да үлес қосатынын айқындады.

ТДМ 4 аясында Нариман білім тек академиялық білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибе, өзін-өзі дамыту және табысты болашаққа қажетті жеке қасиеттер арқылы үйрену екенін көрсетті.

Ұйымдастырушы: Экономика кафедрасы, Кондыбаева С.К., Нұрғазы Ш.Ә., Әбілда С.К.