Күзгі жәрмеңкеде АРТ-орталық қолөнер бұрышын ұйымдастырды

6 қазан, 2024

6 қазан 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды.

Тұрақты даму мақсаттарының екінші,он бірінші және он жетінші бағытын іске асыруға арналған іс-шараға университет басшылығы және қызметкерлер, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.

АРТ-орталық ұйымдастырған қолөнер бұрышында студенттер бұйымдарды қолжетімді бағада сатып алды. Университеттің шебер студенттері де келушілерге өз қолдарынан жасаған ерекше қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Жексенбілік мереке Қазақстан Республикасы жоғары білім қызметкерлері күні, халықаралық қарттар күні, Мұғалімдер күніне орайластырылды.

Күзгі жәрмеңке барысында студент-жастар үшін «Ақсүйек» ойыны мен концерт ұйымдастырылып, қызықты әрі көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.