17 ТДМ қолдану барысында 2024 жылғы 11 қазанда "Корпоративтік құқықтағы редомициляция" тақырыбында дәріс өтті

11 қазан, 2024

17 ТДМ қолдану барысында 2024 жылғы 11 қазанда "Корпоративтік құқықтағы редомициляция" тақырыбында дәріс өтті. Спикер ретінде RSP International Uzbekistan бас директоры, Халықаралық құқық мамандығының 2018 жылғы түлегі Виктория Слета сөз сөйледі.

Дәріс студенттердің корпоративтік құқық саласында үлкен қызығушылығын тудырды. Виктория компаниялардың редомицилляциясы саласындағы білімі мен тәжірибесімен бөлісті, заңнаманың нюанстары мен процестің практикалық аспектілері туралы айтты.

Сонымен қатар, біздің қонағымыз өзін-өзі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Құқықтану саласында мансап құру бойынша құнды кеңестер берді.Викторияға шабыттандыратын дәріс пен құнды ұсыныстар үшін алғыс айтамыз!