Қазақстан өңірлерінде бизнес-ортаны дамытудың жаңа құралдарын зерттеу

Біз "Экономика" мамандығының 4 курсында оқимыз. Өткен жылы Экономика кафедрасының аға оқытушысы, PhD, Д.Ж. Рахматуллаева бізді АР19683020 "Еуразиядағы елдің инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстан өңірлерінде бизнес-ортаны дамытудың жаңа құралдарын зерттеу" атты өзінің ғылыми жобасына тағылымдамадан өтуші ретінде шақырды. Жобада жұмыс істеу бізге кәсіби зерттеу тобының мүшелері болуға және баға жетпес тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Жоба аясында, мысалы Ернар жоба ішінде бизнесті дамытуға арналған веб-портал және басқа да цифрлық құралдарды әзірлеуде белсенді қатысады. Айдана ше, Д.Ж. Рахматуллаеваның ғылыми жетекшілігімен "Қазақстан өңірлерінде бизнесті жүргізудің жеңілдігіне түрлі факторлардың әсерін бағалау және талдау" тақырыбында ғылыми жұмыс дайындады; бұл жұмыс 2024 жылы студенттер ғылыми зерттеу жұмысының Республикалық байқауында 1 орын алды.
Тәпи Ернар и Сабикенова Айдана
4 курс, "Экономика" мамандығы
Басқа жаңалықтар

