- Басты бет
- Мансап және жұмысқа орналасу
- Мемлекеттік қызметке орналасқыңыз келеді ме? Сіздерді 90-нан астам бос жұмыс орындары күтіп тұр!
Мемлекеттік қызметке орналасқыңыз келеді ме? Сіздерді 90-нан астам бос жұмыс орындары күтіп тұр!
Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы аясында (PhD доктор*, магистр) ғылыми дәрежесі бар мемлекеттік қызметшілердің саны артып келеді. GPA 3.33 және одан жоғары нәтижемен мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуын аяқтаған түлектер Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарындағы «Б» корпусына әкімшілік лауазымдарға конкурссыз орналаса алады.
Біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, www.gov.kz сайты және www.eqyzmet.gov.kz порталы арқылы конкурс нәтижесі бойынша бос лауазымдарға, соның ішінде басшылық қызметтерге қабылдану мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жанында талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында құрылған «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жұмыс істейді. Бұл мектеп арқылы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуді қалайтын түлектер мен соңғы курс студенттері тегін оқудан өтіп, таңдаған мемлекеттік органдарға практикадан өтуге жіберіледі.
Толығырақ ақпаратты www.gov.kz сайтынан және www.eqyzmet.gov.kz порталынан таба аласыз.
Грантты өтеу міндеттемесі келесі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
1) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы (47-бап, 17-17.4-тармақтар)
2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығы Грантты өтеу Қағидалары