Республика күніне орай «ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ӨЛКЕМ» атты мерекелік ашық куратор сағаты 24.10.24 күні сағат 14:00-де, 230-аудиторияда Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік кафедрасының аға оқытушысы Данаева Нұрлыайымның жетекшілігімен және «Цифрлық медиа драматургиясы» мамандығында оқитын 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтті.
Бұл күн – еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігін ұғындыратын ерекше мереке. Тарихқа көз жүгіртсек, дәл осы күні 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан өз мемлекеттілігін жариялап, тәуелсіздікке алғашқы қадам жасады.
Мерекелік кеште студенттер Еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы күресі мен қиындығын баяндайтын “Тәуелсіздікке жол“ атты тарихи қойылым дайындап, жиналғандарды тебірентті. Топтың белсенділері Ізтай Назерке мен Талғатұлы Шынтас топ бастап, мерекелік шараны тізгіндесе, Шамшиева Қарлығаш М.Шахановтың «Шың басындағы оқиғасын» мәнерлей оқып, Сабитов Батыр өзінің авторлық өлеңін оқып, тарту жасады. Одан әрі ұлттық құндылықтарымыз бен достықты, бірлік пен татулықты дәріптейтін шығармалардың бірі «Құдаша» этно биі орындалып, кештің ажарын аша түсті.
Студенттер әдемі кешті Б.Тілеуханның “Елім менің” хорымен аяқтап, естелікке суретке түсті.
Республика күні құтты болсын!