17-18 қазанда Астана қаласында  болашақтың бейнесін түсінуге арналған CONNECTED-2024 халықаралық конференциясы өтті. Бұл іс-шараға әлемнің 20-дан астам елден келген 1500-ге жуық делегат жиналды.

Конференция бағдарламасы «Future Shaping», «Future Education & Science» және «EdTech and Impact Entrepreneurship» атты үш негізгі бағытта ұйымдастырылды. Конференция барысында қатысушылар білім және ғылым дамытудағы  өзекті шешімдермен бөлісіп, жаңашыл тәсілдер мен қарқынды өзгеріп жатқан әлемдегі тиімді оқу мүмкіндіктерін қарастырды.

«Coursera» платформасында  жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттерді, оқытушыларды және университет өкілдерін марапаттау рәсімі конференцияның ерекші бөлімі болды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Coursera платформасының арасындағы келісім негізінде 2024 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында шығыстану  факультетінің 31 студенті Coursera for Campus платформасында білім алды. Осы білім алушылардың    арасынан Қиыр Шығыс кафедрасының  2 курс , «шығыстану» мамандығының студенті Алгазиева Индира Ерболқызы жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттер қатарына кіріп, марапатқа ие болды. Студенттің қазіргі уақытта академиялық ұсқырлық бағдарламасы бойынша  Корея Республикасының Ханкук шет тілдер университетінде білім алуына байланысты марапаттауға Қиыр Шығыс кафедрасы меңгерушісі А.Б. Абаған қатысты.

Толығырақ