ҚР Ұлттық кітапханасының Н Дәулетова атындағы залында «ИСЛАМ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» ЖӘНЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР 3» кітаптарының таныстырылымы өтті.Farabi University

ҚР Ұлттық кітапханасының Н Дәулетова атындағы залында «ИСЛАМ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» ЖӘНЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР 3» кітаптарының таныстырылымы өтті.

24 қазан, 2024

ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «ИСЛАМ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» ЖӘНЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР 3» кітаптарының таныстырылымы өтті.

Шараның модераторы ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, белгілі ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төрәлі Қыдыр. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының профессоры Жақыпбек Алтаев та қатысып, кітаптың мазмұны мен ерекшеліктері туралы баяндап өтті.

Кітаптың таныстырылымында бабалар рухына Құран оқылып, «Мүфтият баспасының өнімдері – дін мен дәстүр діңгегі» бейнеролигі көрсетілді.

Шараны Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кіріспе сөзбен ашты. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы барша жиналған қауымды кітаптардың таныстырылымымен құттықтап, олардың маңыздылығына тоқталды.