- Басты бет
- Арт орталық
- Жоғары білім беру мәселеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммитінде АРТ-орталықтың қатысуы
Жоғары білім беру мәселеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммитінде АРТ-орталықтың қатысуы
2024 жылдың 1 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім беру мәселелеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті өтті. Халықаралық шара QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Жиынға QS Quacquarelli Symonds сараптама агенттігінің коммерциялық бас директоры Джейсон Ньюман, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ЕАЭО елдеріндегі клиенттермен серіктестік жөніндегі және QS Жаһандық үкіметіндегі аймақтық директоры Сергей Христолюбов қатысты. Сонымен қатар 150 мемлекеттен, атап айтқанда Қытай, Жапония, Индонезия, Үндістан, Малайзия, т.б. өзге елдерден келген 350-ге жуық ЖОО ректорлары, халықаралық сарапшылар және қазақстандық жоғары білім басшылары қатысты.
АРТ-орталықтың студенттері Ұлттық бұрышта дәстүрлі қазақ тағамдарымен, "Фараби сазы" ұлттық аспаптар оркестрімен қонақтарды қарсы алды. Студенттік "Бақыт" шоу балетінің, вокалистердің, этноансамбльдің, ұлттық аспаптар оркестрінің, шетелдік студенттердің қатысуымен концерттік бағдарлама гала-кешті ұмытылмас етті.