Каспий Итбалығының Вирустық Әртүрлілігіне Арналған Зерттеулер бойынша Докторлық СеминарFarabi University

Каспий Итбалығының Вирустық Әртүрлілігіне Арналған Зерттеулер бойынша Докторлық Семинар

31 қазан, 2024

3 курс докторанты Кұмар Марат «Каспий итбалығының вирустық және микробтық әртүрлілігін метагеномикалық зерттеу» тақырыбында баяндама жасады. Студенттер белсенді түрде қатысып, ғылыми жобаларға қатысты сұрақтар қойып, құнды пікірлерімен бөлісті. Профессорлар Тулеуханов Султан мен Ыдырыс Әлібек докторанттың ғылыми жұмысына қатысты өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді. Семинар кафедраның зерттеулерді дамытуға және ғылыми білімді кеңейтуге деген ұмтылысын атап көрсетті.

 

Microsoft Teams платформасында онлайн форматта өткен іс-шара биология, биомедицина және нейрология салаларындағы студенттер мен оқытушылар арасында ғылыми алмасу және ынтымақтастыққа арналған интерактивті орта құрды.

 

Аширова Ж. Б.