Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен студенттері!

7 қараша, 2024

Сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне байланысты ұйымдастырылған 
«Теңге - Тәуелсіздік нышаны» тақырыбындағы ұлттық валютаның егемендік символы ретіндегі маңызын атап өту үшін  іс-шараға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты – ұлттық валютамыз теңгенің тарихын, оның тәуелсіздік символы ретіндегі маңызын және еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өту. Іс-шарада ұлттық валюта тарихынан қызықты деректермен танысып, еліміздің қаржы секторының даму жолдарын талқылауға мүмкіндік аласыз.

Өтетін орны: Халықаралық Қатынастар Факультеті, 216 аудитория
Өтетін күні: 13.11.2024
Басталу уақыты: 10:00

Бірге ұлттық валютамыздың мерекесін атап өтейік!

Ұйымдастырушылар: э.ғ.к., Әбиева С. Н. жетекшілігімен ХҚФ-ның Әлемдік экономика мамандығының 4 курс студенттері