ҚазҰУ ұжымы Елбасы Жолдауын талқылайды
1 ақпан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұжымы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Іргелі оқу орынның ғалымдары, оқытушылары мен студенттері Президенттің жаңа бағдарламалық баяндамасын талқылауға қызу кірісті. Басты мақсат - ғылым мен жоо қоғамдастығының өзекті мәселелерін шешетін маңызы бар 2020 жылға арналған стратегиялық жоспарды жүзеге асыру болып табылады.
Алдағы онжылдықта Қазақстанның жоғарғы оқу орындары алдындағы міндеттері мен Жолдаудың басты мәселелерін түсіндіретін негізгі баяндаманы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов оқыды.
- Президент баяндамасындағы басты мәселенің бірі қазақстандық жоо-лардың әлемдік рейтингке енуі. Осыған дейінгі жеткен жетістіктеріміз - ол басапқы нүкте, ал ең беделді оқу орындар қатарына кіру үшін серпін қажет. Осы жағынан келгенде аянбай тыңғылықты еңбек етуіміз керек. Олай болмаған жағдайда тек қана ҚазҰУ емес, еліміздегі барлық оқу орындар түлектерінің бәскеге қабілеттілігіне күмән келтіреміз. Сондықтан бүгіннен бастап, біздің университетіміз әлемдік рейтинге енуі үшін жаңа міндеттерді алдыға қою арқылы, Елбасының тапсырмаларын орындауымыз тиіс. Біздің ұжым әлемдік рейтингке кіруге мүмкіндігі бар екендігіне және кіретіндігіне сенемін, - деді ректор.
ҚазҰУ ғалымдары «Қазақстан - 2030» стратегиясын жүзеге асырудың он жылдығын еңсеріп, 2020 жылға дейінгі Қазақстанның даму жоспарына сәйкес келесі онжылдық міндеттері қойылғандығын атап өтті. Сонымен қатар адам капиталы мен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновацияалық технологияларды ендіру, жаңа кәсіби және техникалық білім беру стандарттарын жасау, қазақстандық оқу орындардың әлемдегі жетекші университеттер қатарына кіруі, құқыққорғау жүйесін реформалау сынды бағдарламалық құжаттың басқа да бағыттарын талқылады.
Жиналыста қазақстандық жоғарғы мектеп корифейлері, университеттің жетекші ғалымдары мен оқытушылары, қызметкерлері мен белсенді студенттері сөз алды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі