СУДЫ САҚТАҢДАР!
Бұл іс -шара шетелдік ЖОО дейінгі 11 топ тыңдаушыларымен өткізілді.
Тыңдаушылар дүниеде ішілетін су мәселесінің бар екендігін біле отырып, осы мәселені талқылауға ат салысты. Бұл мәселенің осыншалықты күрделі екендігін әр адам біле бермейді екен, мысалы 150 миллион адамнын таза суға қолы жетпегендіктен ашық су қоймаларынан: яғни өзен мен көлдерден су алып ішүде, ал 260 миллион адам ішетін суға бару ішін әр куні бір сағат уақытын осыған кетіреді, үйде су болсын деп бір жарым миллиард адам осы іске 30 минут жаратады. Ойланып көріңізші, бұл мәселе болашақта: 10 жыл, 20 жылдан соң қалай шешіледі?
Не істеу керек? Суды қалай сақтап қалу керек? Жауап жақын жерде. Егер әр бір адам суды бекер төкпей, ойланып жаратса, бұл мәселеге көз ашып қараса, онда болашақта таза суымыз да болады. Мәселен, барлық адамдар жауапкершілігін түсініп: ваннада жуынбай душты қолданса, су құбырларына есептеүіш қойса, үйдегі барлық крандарды түзетіп жөндесе, ыдыс аяқты табаққа салып жуса, тіс тазалағанда да мұқият болса. Бұл әрекеттеріміз, тамшылаған суымыз жиналып болашақта таза суға толы көлге айналмай ма? Судың әр бір тамшысын ойланып пайдаланайық. Өйткені, су – бұл біздің өміріміз және бұл біздің қолымызда. Бұны еш ұмытпайық!
Кытай және Оңтүстік Кореядан келген 11 группаның шет мемлекеттік тыңдаушыларымен өткізілген дәріс осындай оптимистік нотада өтті.