ТДМ-3: «ҚазҰУ – темекі түтінінен таза» акция ұйымдастырылды
Оқу ордамызда Жастар ұйымдары комитетінің ұйымдастыруымен «ҚззҰУ – темекі түтінінен таза» атты акция ұйымдастырылды. Бұл акция Тұрақты даму мақсаттарының «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша университеттің барлық факультеттерінде студенттердің қатысуымен белсенді түрде жүзеге асты.
«ҚазҰУ – темекі түтінінен таза» акциясы университет жастарының темекі сияқты зиянды заттың адамға денсаулығына тигізетін зардабы мен апарып соқтыратын кеселдері яғни ауыр дерттері туралы ақпараттандыра отырып, оны қолдануан бас тартуды кең түрде насихаттау. Акция барысында темекіден бастартуға, оны қолданбауға қатысты бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланды.
Денсаулық – баға жетпес байлық! ҚазҰУ қалашығын темекі түтінінен таза ұстап, темекі шегуден бас тарта отырып, оның зиянын адамдарға бірге насихаттайық!