Туберкулездің алдын алудың халықаралық күні

4 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің доценті, фтизиатр дәрігері Г.С.Еркеновамен «24 наурыз- Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні!» тақырыбында студенттермен және оқытушылармен кездесуді ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – туберкулездің алдын алу.

Г.С.Еркенова елімізде соңғы жылдары туберкулезбен ауыратындар саны 50 пайызға артқанын айтты. Осыған орай студенттер туберкулездің түрлері, таралу жолдары, диагностикалау және алдын алу әдістері туралы сұрақтарға жауап алды.