«Топырақ биосфераның құрамдас бөлігі ретінде» атты дөңгелек үстел

11 сәуір, 2024

2023 жылдың 11 сәуірінде "ФАРАБИ ӘЛЕМІ" студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы аясында "ЮНЕСКО тұрақты даму" кафедрасында "топырақ-биосфераның құрамдас бөлігі ретінде" тақырыбында дөңгелек үстел өтті (ТДМ 15. - Биоәртүрлілікті сақтаудағы топырақтың рөлі).

Дөңгелек үстелде 7М05216 Экологиялық топырақтану мамандығының магистранттары жұмыстарын қорғады:

1. Каримова Жұлдызай Нұрланқызы, «Жаңажол кен орнында мұнаймен ластанудың топырақ-өсімдік жүйесіне әсері», ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент Мұқанова Г.А.

2. Жұматаева Асылзат Қанатқызы, «Қазақстандағы жер деградациясы: себептері және оны шешу жолдары», ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент Тукенова З.А.

3. Мамырханұлы Амирхан Мамырханұлы, «Орталық Қазақстан топырағының  симметриялы емес диметилгидразиннің ыдырау өнімдерімен ластануы», ғылыми жетекші: х.ғ.к., аға оқытушы Оразбаев А.Е.

4. Қалмырза Айнұр Орынбасарқызы, «Шығыс Қазақстан облысының орман топырақтарының экологиялық ахуалын бағалау», ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент м.а. Құрбанова Л. С.

Алғы сөзді Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының б.ғ.к., доценті Шимшиков Батыргелді Ерденұлы алды. Қазіргі таңдағы елімізде болып жатқан экологиялық өзекті мәселерді баяндап шықты.

Ұйымдастырушылар: Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары Мұқанова Г.А., Садырова Г.А., Жолдасбек А.E., Оразбаев А.Е.