«Фараби сазы» ұлттық аспаптар оркестрі «Цифрлық шынайылық: картография, геоақпараттықжүйелер және жерді қашықтан зондтаудағы жаңа сұраныстар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қонақтарын қарсы алды.

7 қараша, 2024

География және табиғатты пайдалану факультеті ағымдағы жылдың 7-8 қараша аралығында әл-Фараби кітапханасында университетіміздің 90 жылдығына орай «Цифрлық шынайылық: картография, геоақпараттық жүйелер және жерді қашықтан зондтаудағы жаңа сұраныстар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Аталған іс-шарада студенттік «Фараби сазы» ұлттық оркестрі қонақтарды қарсы алды. 

Конференцияға қатысуға Жер және қоршаған орта туралығылым саласындағы студенттер, магистранттар, докторанттар менғалымдар, мемлекеттік органдардың, жеке компаниялардың мамандары, сонымен қатар цифрлық картография және географиялық ақпараттық жүйелер саласындағы озық әзірлемелер мен тәжірибе алмасуға қызығушылық танытушылар шақырылды. Конференцияның мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалана отырып, картография, географиялық ақпараттық жүйелер және Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзекті проблемаларды, тенденциялар мен инновацияларды зерттеу және талқылау.