Орталық мемлекеттік мұражайына саяхат
Музей - жастарды ұрпақ сабақтастығы , елжандылық пен азаматтық рухында тәрбиелеу ісін көрсететін, Отанымыздың тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі.Қазақстанға елім деп келген тыңдаушыларды осы мақсатта орталық мұражаймен таныстыру. Қазақстанның бай тарихы мен мол мұрасы туралы тереңірек мәлімет беру болды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне музейлердің бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазіргі таңда музейде тұрақты алты экспозициялық зал жұмыс істейді, түрлі мазмұндағы коллекциялар көрерменге Қазақстанның байырғы палеонтологиясы, ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Жалпы музей экспозициясы қазақтардың бүкіл тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі «музейлендірілген» моделі болып табылады. Тыңдаушылардың мұражайды аралап алған әсерлері керемет болды.Көзбен көріп, көп нәрсені көңілдеріне түйді деген ойдамыз.