ТДМ 7.Қымбат емес және таза энергия
«Арзан және таза энергия Таза энергия технологиясы: күн панельдері, жел турбиналары және басқа технологиялар қалай жұмыс істейді» атты іс-шара «Физика және астрономия» мамандығының 2-курс студенті 244 топпен кураторы Расылова А.Е ұйымдастырылуымен 521 ауд 12 қарашада өтілді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты: Студенттерді арзан және таза энергия көздерімен таныстыру. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі шаралар шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын азайтудың жаһандық міндетін шешуде үлес қосуға тырысу.
Ашық сабақ барысында студенттер әр түрлі жаңартылған энергия көздері туралы анықтама берді. Олардың түрлерімен таныстырып, әрқайсысының қолданысына жеке тоқталды.
Қазақстанда арзан және таза энергияны дамыту елдің парниктік газдар шығарындыларын азайту және энергетикалық сектордың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиясының маңызды элементі болып табылады. Жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияларды жалғастыру және энергия тиімділігін арттыру Қазақстанның тұрақты және экологиялық таза энергетикалық болашағына ықпал ететін болады.