«Адам және оның еркіндігі» атты семинар-пікірталас ұйымдастырылды.

14 қараша, 2024

"Тұрақты даму" бағдарламасының "Гендерлік теңдік" бағыты бойынша және Бүкіләлемдік философия күніне орай «Адам және оның еркіндігі» атты семинар-пікірталас ұйымдастырылды. Студенттер тыңғылықты дайындалып, өздерінің қызықты және терең мазмұнды баяндамаларын ұсынды. Іс-шара барысында "Тұрақты даму" тақырыбы да жан-жақты қозғалды. Студенттер бұл ұғымның заманауи әлем үшін маңыздылығын, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті және болашақ ұрпақ үшін тепе-теңдікті сақтаудың қажеттілігін талқылап, өз ойларымен бөлісті. Әсерлі әрі танымдық мәнге ие болған шара қатысушыларға тың серпін беріп, философиялық көзқарастарын кеңейтуге септігін тигізді. Факультет, курс, мамандық: Философия және саясаттану факультеті, "Психология" мамандығы 2 курс студенттері
Форматы: Семинар-дискуссия
Оқытушының аты-жөні: Құранбек Әсет Абайұлы, Зейнуллин Раймбек Бақытжанұлы