«ТДМ 17 мақсатының орындалуына жеке тұлға ретінде мен қандай үлес қоса аламын?» тақырыбында кураторлық сағат

14 қараша, 2024

2024 жылдың 14 қарашасында Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында  6В03102-Мәдениеттану мамандығы студенттерімен «ТДМ 17 мақсатының орындалуына жеке тұлға ретінде мен қандай үлес қоса аламын?» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Тұрақты  даму мақсаттарын БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер  2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібі шеңберінде 2015 жылы қабылданған. Бұл мақсаттар әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамумен байланысты проблемаларды кешенді шешуге бағытталған және барлық елдердің, ұйымдар мен азаматтардың ынтымақтастығын талап етеді.

Кураторлық сағатты ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы кластерлік бюросының сертификатталған тренері, куратор С.М. Каупенбаева өткізді. Кураторлық сағат барысында ТДМ 17 мақсаты бойынша әлем елдері мен Қазақстанда жасалып жатқан іс-шаралар талқыланды және  әр студент өзіне бөлініп берген мақсаттар бойынша жеке тұлға ретінде не істей алатыны туралы өз пікірлерін ортаға салды.