Грантты өтеу: ережелер, міндеттемелер және бақылау
18 қараша, 2024
Құрметті 2025 жылғы түлектер!
2024 жылдың 22 қарашасында сағат 14:00-де Химия және химиялық технологиялар факультетінің №427 дәріс залында «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесу өтеді. Іс-шара барысында сіздер оқу аяқталғаннан кейін грантты өтеу ережелері туралы толық ақпарат алып, қызықтырған сұрақтарыңызды қою мүмкіндігіне ие боласыздар.
Есте сақтаңыздар, оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл бойы Қаржы орталығы грантты өтеу міндеттемелеріңіздің орындалуын бақылап, есептілікті тексеріп, қажетті құжаттарды қабылдайды. Маңызды ақпаратты алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Гранттық міндеттемелерді орындау тәртібі келесі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
«Білім туралы» ҚР Заңының 47 бабының 17 тармағы
Грантты өтеу қағидалары. 11.08.2023 ж. № 403 бұйрық