Маканова Аселя Уралбайкызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04103 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Маканова Аселя Уралбайкызының «Қазақстан Республикасындағы ғылыми-зерттеу қызметін мемлекеттік реттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Менеджмент» кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Таубаев Аяпберген Алданаевич – экономика ғылымдарының докторы, Esil University «Экономика және маркетинг» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
- Кенжалиев Олжас Багдаулетович – PhD, Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ғылым және инновациялар департаментінің коммерцияландыру секторының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми жетекшілер:
- Тургинбаева Ардак Несипбековна – экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының Бас директоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Хосе Гуймон – PhD докторы, Мадрид автономды университетінің қауымдастырылған профессоры (Мадрид қ., Испания).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Утегенова Жулдыз Сайрановна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бизнес және қызмет көрсету кафедрасының меңгерушісі (Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы);
- Цеховой Алексей Филиппович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Жоба менеджерлері одағының президенті, ХАА академигі, PMI мүшесі, (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Дубина Игорь Николаевич – экономика ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университетінің Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институтының профессоры (Барнаул қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2024 жылдың 26 желтоқсанында, сағат 13:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Экономика» диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі, 201 аудитория.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/92164598464?pwd=2t0pB7ZSina1HKmFl1Xc1Kx2MTGmOT.1
Конференция идентификаторы: 921 6459 8464
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар


