Ғылыми мақалалардың сапасын арттыру
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің ұйымдастыруымен «Scopus деректер базасында индекстелетін журналдарда мақала жариялау кезеңдері» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға Ғылым және жарияланымдар басқармасының басшысы Тастамбек Қуаныш және ҚазҰУ ғылыми журналдарының редакторлары қатысты.
Семинар барысында Scopus дерекқорында индекстелген журналдарда жарияланған мақалалардың сапасын арттыру бойынша маңызды қадамдар талқыланды. Engineered Science Publisher баспасынан келген белгілі ғалым, PhD және Scopus дерекқорына кіретін бес журналдың редакциялық алқасының мүшесі Жексенбек Тоқтарбай жиынды өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Ол авторлардың мақала жазу кезінде жиі жіберетін қателіктерін талдады. Сондай-ақ ол ғылыми журналдардың жоғары стандарттарын сақтау үшін жариялауға арналған мақалаларды қабылдау кезінде ерекше назар аудару қажет маңызды аспектілерді атап өтті.
Айта кету керек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Scopus құрамына кіретін төрт журнал тіркелген. Олар: International Journal of Mathematics and Physics, Physical Sciences and Technology, «ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы» және жақында осы тізімге енген International Journal of Biology and Chemistry. Қазіргі күнде 2025 жылы Scopus дерекқорына басқа журналдарды қосуды жоспарлау бойынша белсенді жұмыс жүруде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі