әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭБЖМ шетелдік студенттерімен кездесу өткізді
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде шетелдік студенттермен кездесу өткізді. Іс-шара біздің университетте оқытудың негізгі ережелері мен ерекшеліктерімен танысуға, сондай-ақ жаңа тыңдаушылар үшін қолайлы орта құруға бағытталған.
Кездесу бағдарламасына төмендегі сұрақтар қарастырылған:
ЭБЖМ әкімшілік және академиялық командасын ұсыну, ол студенттерді оқыту барысында еріп жүреді.
Университеттің ішкі ережелерімен, сондай-ақ студенттік өмірдің аспектілерімен таныстыру.
Университеттің ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат.
Маңызды мәселелер бойынша түсініктемелер:
- медициналық сақтандыру;
- визалық режим және келу ережелері;
- студенттік виза шеңберінде еңбек етуге тыйым салу.
Ұйымдастырушылар студенттердің оқуға және бірлесіп жұмыс істеуге деген жоғары қызығушылығын атап өтті.
Бұл оқу жылы әр студент үшін қарқынды, өнімді және жарқын болатынына сенімді екенін атап өтті. ЭЖБМ командасы әрдайым қолдау көрсетуге және ыңғайлы оқу мен даму үшін жағдай жасауға дайын.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не қош келдіңіз!