Жастар және ұлттық бірлік: қоғамдық келісімді нығайту жолдары

29 қараша, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №10 "Теңсіздікті азайту" бағыты аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының 6B02210 "Археология" мамандығының кураторы Ғалымжан Нұрназар студенттерге Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, қоғамдық келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға арналған "Жастар және ұлттық бірлік: Болашаққа сенім" тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында ҚХА-ның ел ішіндегі ұлттар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызы, жастардың рөлі және ұлттық бірлік ұғымының қазіргі қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, студенттерге болашаққа сенім арту және қоғамдық келісімге үлес қосу үшін жасалатын қадамдар жөнінде ұсыныстар берілді. 3 тілге аудару