«Сапалы білім – елдігіміздің кепілі»
Жастардың мамандықты дұрыс таңдауы, сапалы білім алуы — өзекті мәселе. Себебі, еліміздің дамуы, өсіп-өркендеуі жастардың мамандық таңдауына, өзі таңдаған кәсіпке деген ынтасына, алған біліміне байланысты және осы мәселеге ерекше көңіл бөлген жөн.
Сапалы білім берудің заманауи құрылымы және оқыту әдістерінің өзгеруі оқытушылардан кәсіби шеберліктерін жаңартуын, инновациялық тәсілдерді кең қолдануын қажет етеді. Оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, сапалы білім беру — университеттің профессор-оқытушылар қауымы алдындағы басты міндет. Басты мақсат – тыңдаушыларға сапалы білім бере отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру және өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру мақсатында "Сапалы білім – елдігіміздің кепілі" атты ашық кураторалық сағат өттілді. Біздің тыңдаушыларымыз өз пікірлерін еш тартынбастан, ашық жеткізуге дағдыланған. Ал, осындай ашық сағаттар олардың дамуына жол ашады, білімге құштарлығын арттырады. Сапалы білім беру–аса құнды байлық. Сондықтан инвестиция салу өзіңді шыңдап қана қоймай, елге, Отанға қызмет ететін маңызды қадам екенін естен шығармау керек. Сапалы білім баршамыздың денсаулығымызды, өмірімізді ұзартатын бірден-бір фактор.Сондықтан Президент тапсырмасындағы сапалы білім беру қағидаты әр уақытта жауапкершілігі мол міндет…