Достық деген не … ?

4 желтоқсан, 2024

Сомерсет Могамның шағын әңгімелері негізінде халықаралық қатынастар факультетінде «Достық» ұғымы туралы өте қызықты пікірталас өтті. Пікірталас, әрине, ағылшын тілінде өтті.
«Халықаралық қатынастар» мамандығының 1 курс студенттері өте белсенді қатысты. «Достық сияқты салиқалы ұғымды айтуға әлі жаспыз», «Достық – сені ЕШҚАШАН сатпайтын ең адал адам...» деген әртүрлі көзқарастар айтылды.
Іс-шара Дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Карипбаеваның жетекшілігімен өтті.