- Басты бет
- Жаңалықтар
- 5.1, 5.2 ЖӘНЕ 16.0 ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС: ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ БАРЛЫҚ МАҚСАТТАРЫН ҚАМТИТЫН ТӘСІЛДЕР
5.1, 5.2 ЖӘНЕ 16.0 ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС: ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ БАРЛЫҚ МАҚСАТТАРЫН ҚАМТИТЫН ТӘСІЛДЕР
2024 жылдың 7 желтоқсанында Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор А.А. Отыншиева мен PhD доктор, доцент З.М. Баймағамбетованың жетекшілігімен Zoom онлайн платформасында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара №5 және №16 тұрақты даму мақсаттары – Гендерлік теңдік және Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттарды жүзеге асыру аясында өткізілді. Халықаралық дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен магистранттары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттары, сондай-ақ Францияның Гавр университетінің студенттері қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы «ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС: ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ БАРЛЫҚ МАҚСАТТАРЫН ҚАМТИТЫН ТӘСІЛДЕР» болды, бұл барлық қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Онлайн кездесудің негізгі бөлігін гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне мәдени және дәстүрлі нормалардың қалай әсер ететіні туралы презентациялар құрады. Экономикалық тәуелділік және оның зорлық-зомбылық қатынастарын сақтаудағы рөлі, гендерлік зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша ұлттық және халықаралық заңнаманың тиімділігі, зорлық-зомбылықпен күресудегі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі сияқты мәселелер қарастырылып, қатысушылардың белсенді пікірталасымен өтті.
Гавр университетінде оқитын шетелдік студенттердің презентациялары мен баяндамаларына ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстел соңында ең белсенді қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Іс-шара ой алмасудың ғылыми нәтижелі алаңына айналып, сәтті өтті. Қатысушылар құнды білім мен жаңа тәжірибе алып, дөңгелек үстелді есте қаларлық іс-шараға айналдырды.