Өнер әлемі студенттердің көзімен
«Өнер әлемі студенттердің көзімен»
2024 жылдың 3 желтоқсан жұлдызында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценттері Р.К. Рахметуллаева мен А.К. Тоқтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімі студенттерімен (103 және 303 топтары) бірге Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына барды. Іс-шара сапалы білім беру саласындағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде (44.3.4 университет кешенінен тыс білім беру ақпараттық-түсіндіру жұмыстары) ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында қатысушылар қазақстандық шеберлер мен әйгілі шетелдік суретшілердің туындыларын қамтитын бай өнер коллекциясымен танысты. Ұлттық тақырыптағы және заманауи экспозициялар ерекше қызығушылық тудырды. Студенттер мұражайдың жоғары мәдени құндылығын атап өтіп, болашақ кәсіби және шығармашылық дамуға шабыт алды.