Эдвайзер болу үлкен жауапкершілікFarabi University

Эдвайзер болу үлкен жауапкершілік

13 желтоқсан, 2024

Мен 2010 жылдан бері эдвайзер болып қызмет етіп келемін. Осы уақыт аралы­ғын­да студенттерімнің академиялық және тұлғалық дамуына қолдау көрсетуге бағыт­­талған көптеген жұмыстарды атқардым. 

Әрбір білім алушы өзінің оқу траекториясын дұрыс қалыптас­ты­ру үшін эдвай­зер­дің көмегіне жүгінеді. Эдвайзер студентке жеке оқу жоспарын құруға, пән­дер­ді дұрыс таңдауға, со­нымен қатар оқу барысында кездесетін қиын­дық­тарды шешуге көмектеседі. Ол бі­лім алушыларға тек ака­де­мия­­лық кеңесші ретінде ға­на емес, сонымен қатар сту­дент­тер­дің әлеуетін арт­тыруға, қызы­ғу­шы­лықтарын дамытуға бағыт­тал­ған іс-шараларда қолдау көр­се­те­ді.

2013 жылы ең алғашқы топта­рым­мен бірге «Үздік эд­вайзер» сайысына қа­ты­сып, жүлделі орын­ға ие болдық. Бұл сайыста сту­­ден­т­­тер өздерін таныс­ты­рып, мен өз тәжірибемді ұсын­дым. Осы іс-шара ба­ры­­сында студент­те­рімнің бойындағы шығармашылық және өнерге деген қабі­ле­тін көріп, таң­данғаным есім­де. Сондай-ақ «Ұлыс­­тың ұлы күні – Әз Наурыз» ме­ре­ке­сіне арналған тәр­бие­лік іс-шара және түрлі тақы­рып­тағы сайыстар ұйы­м­­дастырдық. Бұл сту­дент­тердің ұжымдық қа­рым-қатынастарын ны­ғай­туға, жеке тұлға ретінде да­муына септігін тигізді.

Эдвайзердің міндеті – тек сту­дент­тердің оқу жетіс­тік­терін ба­қылау ғана емес, олар­ға таңдау жасауда, кез­десетін қиындық­тар­ды же­ңуде қолдау көрсету. Сту­денттермен ашық қа­рым-қатынас орнатып, олар­дың сеніміне ие болу арқылы, олардың көздеген мақсатына жетуге ынталан­ды­руға тырысу.

Жинақтаған тәжірибем ар­қылы олардың оқудағы жетістігіне оң әсерін тигізіп, сенімділігін арт­тыр­дым. Сту­денттеріме ғылыми же­тек­ші ретінде де қолдау көрсеттім. Мысалы: А.Әлі­құлов, З.Егембер­дие­ва, Э.Зиямет, А.Едігеева және т.б. ондаған дарынды студент­тер­мен ғылыми жұмыс іс­тедім.

Менің ойымша, эдвай­зер болу – бұл үлкен жауап­кер­шілікті, ұқып­ты­лықты жә­не жанашырлықты талап ететін маңызды міндет. Эд­вайзер ретінде әрбір сту­денттің жетістігі мен үшін үлкен мақтаныш әрі қуаныш.

Райхан РАХМЕТУЛЛАЕВА,

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының доценті, х.ғ.к.