Биология және биотехнология факультетінің асханасы заманауи жабдықтармен қамтылды

14 желтоқсан, 2024

Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының студенттері үшін №7 студенттер үйіндегі ас үй жайлы және әдемі заманауи жабдықтармен қамтылды.

Биология және биотехнология факультетінің, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық шаруашылығы» білім беру бағдарламасының түлегі, «Балық шаруашылығы мектебінің» негізін қалаушы, ихтиолог Марлен Тұрсынәлиұлы идеяның бастамашысы болып, жобаға демеушілік етті.

Ас үйдің ашылуы биология және биотехнология факультетінің деканы Меруерт Құрманбаеваның қатысуымен салтанатты түрде өтті. Студенттерді құттықтаған факультет деканы университетте білім алушылардың оқуы мен өміріне барлық жағдай жасалып жатқанын атап, факультет түлектері де бар көмегін көрсетуде деді. Сондай-ақ ол демеушіге алғысын білдіріп, осындай пайдалы бастамалар мен жобалардың мүмкіндігінше көп болуын тіледі.

Іс-шараға декан орынбасарлары А.Б. Құсманғазинов, Г.К. Датхабаева, кафедра меңгерушілері А.С. Қыстаубаева, Ж.К. Жүнісбаева, А.М. Құстұбаева, №7 студенттер үйінің меңгерушісі К.М. Құрманбекова, студенттер қалашығының мамандары және факультеттің білім алушы жастары қатысты. Студенттер факультет пен демеушілерге тамақ дайындауға, тамақтануға және қызықты кештер өткізуге ыңғайлы асханасы үшін алғыс айтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі