«Ең үзді маман-2024» байқауының марапаттау рәсіміне АРТ-орталық концерт ұйымдастырды

13 желтоқсан, 2024

Жыл сайын дәстүрлі түрде, еліміздің мерейлі мерекесі тәуелсіздік күніне орай, ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағымен ұйымдастыратын «Ең үздік амаман-2024» байқауының марапаттау рәсіміне АРТ-орталықтың студенттері өнер көрсетті. Бұл байқауға АРТ-орталықтың жетекші маманы, студенттік «Фараби сазы» ұлт-аспаптар оркестрінің жеткшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Сванбаева Зита Әбділдақызы қатысып, жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде мынадай критерийлер ескерілді:

•          Университеттегі жұмыс өтілі

•          Кәсіби міндеттерді мінсіз орындау

•          Университеттің қоғамдық өміріне қатысу

•          Өз бөлімшесінің қоғамдық өміріне қатысу

•          "Парасат" кәсіподағы мен бөлімшелердің кәсіподақ бюросы өткізетін іс-шараларды ұйымдастыру және белсенді қатысу.

Алғашқы құттықтау сөз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Басқарма төрағасының орынбасары – Бірінші проректоры Дүйсенов Еркін Эрманұлына беріліп, факультет жеңімпаздары марапатталды. ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Құмарғалиұлы Мекебаев та жеңімпаздарды құттықтап, сыйлықтарын – «Сулпак» дүкеніне СЕРТИФИКАТ, дипломдар табыстады.

Жиын АРТ-орталығының белсенді студенттері дайындаған мерекелік концертімен жалғасты:

- «АЛАШ АМАНАТЫ» шығармасы орындаған «Фараби сазы» ұлттық аспатар ансамблі, көркем жетекшісі, дирижер Сванбаева Зита Абдилдаевна;

- «Аққу» биі орындаған журналистика факультетінің 4 курс студенті Құрман Құралай, «БАХЫТ» шоу балетінің жетекші студенті,  көркем жетекшісі ҚР мәдениет қайраткері Есмұханбетова Галина Асанғазиевна;

- АРТ-орталығының вокалистері орындаған «Сәлем саған туған ел» әні жеңімпаздарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Көркем жетекшісі – актриса, әнші Ещанова Фариза Бекибаевна.

Кеш жүргізушілері: журналистика факеультетінің 1 курс студенттері – Құлатай Айдын және Мейрамбек Нұрайым.

Имидж топ – Шәріпулла Асыл, география және табиғатты пайдалану факультетінің 4 курс студенті.