Студенттік «Біз» театры «Бір түп алма ағашы» драмасын ұсындыFarabi University

Студенттік «Біз» театры «Бір түп алма ағашы» драмасын ұсынды

7 желтоқсан, 2024

7 желтоқсан күні студенттік «Біз» театры өзінің сүйікті көрермендеріне «Бір түп алма ағашы» драмасын ұсынды. Келген көрермендерің көптілігіне байланысты, залға қосымша орындықтар қоюға мәжбүр болдық.

Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы  көрерменге туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа  деген  әрбір адамның парызын қайта оралтып,  көп ойларға жетелейді. Ауылда науқас баласымен қалған ана мен қалада тұратын балаларының  кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп,  еріксіз мұңға бөлейді. Психологиялық драманы көре отырып, әрбір көрерменнің туған елі ғана емес, туған шаңырақ пен ата-ана алдындағы перзенттік парызы атойлап шыға келеді. Басты кейіпкер Ана мен оның мүгедек баласы, қаладан келген үлкен ұл, тұрмыстағы  қыздар мен күйеу балалар – сан түрлі мінез-құлықтың иелері. Көрерменге көп ой салып, жанарына жас үйірілтетін осындай шығарма, жан дүниенің таза болуына үндейді.

Бұл спектакль – өмірдің нақ өзі! Өмірдің алуан-алуан қиындықтарына қарамастан, әрбір саналы адам қоғамдағы, отбасындағы өзінің рөлін ұмытпауы тиіс деген игіліктен туған дүние. Пьеса тағдырмен күресу үшін таусылмас күш, тал­мас қажыр-қайрат керектігін көрерменге ұқтырғысы келеді.

Рольдерді сомдаған студенттер алдарына қойынған мақсаттарын 100 пайыз орындады!