Жалгасбаева Канагат Баймуратовна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02304 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жалгасбаева Канагат Баймуратовнаның «Түркі халықтары айтысының трансформациялануы» атты диссертациялық жұмысы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы – филология ғылымдарының докторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі (Алматы қ., Қазақстан)
- Нұриман Бекарыс Тілегенұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Ғылыми басылымдар бөлімінің басшысы (Шымкент қ., Қазақстан)
Ғылыми жетекшілер:
- Даутова Гульназ Рахимовна – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доцент м.а. (Алматы қ., Қазақстан);
- Гиасеттин Айташ – филология докторы, Гази университетінің профессоры (Анкара, Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Пангереев Абат Шамұлы – филология ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры (Ақтөбе қ., Қазақстан);
2. Салтақова Жанат Тоқтарқызы – PhD, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
3. Кынажи Жемиле – доктор, Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия).
Қорғау 2025 жылдың 29 қаңтарында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D011800, 8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті», «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология», «8D02308 – Орыс филологиясы», «6D021400, 8D02304 – Әдебиеттану», «8D02307 – Қазақ филологиясы» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/92978466746?pwd=1ICxaWxtDSmN9UDFeBuSh8ulV37HtC.1
Идентификатор: 929 7846 6746
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар


