Журналистика факультетінде Президент сұхбаты талқыланды

5 қаңтар, 2025

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында қазақстандықтарды қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап берді. Президент жалпы еліміз үшін маңызы зор мәселелерді атап өтті: су тасқынының зардаптары жойылды, Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында жаңа заманауи жолаушылар терминалдары жұмыс істей бастады, жылу электр станциялары жаңартылуда, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарысалынуда және қайта құрылуда; Заңсыз тәркіленген мүлік елге қайтарылып, мектептер мен ауруханалардың құрылысына жұмсалады.

Журналистика факультетінде «дөңгелек үстел» отырысы өтіп, онда декан Қ.А.Әуесбай, кафедра меңгерушілері, факультет оқытушылары мен қызметкерлері сұхбатта көрсетілген жетістіктер мен дамудың басым бағыттарын талқылады. Факультетіміздің барлық қызметкерлері тарапынан жылы лебізге ие болған бастамалардың қатарында әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейту; құмар ойындарға тәуелділікпен күресу шаралары; вейптерді сатуға және жарнамалауға тыйым салу; кәмелетке толмағандарды қорлау үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселелерін талқылады. Ең басты жетістік – 100-ден астам этнос пен 18 конфессия өкілдері тұратын елде бейбітшілік пен келісімнің сақталуы айтылды. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-зерттеу университеті мәртебесін алғандықтан, барлық оқытушылар мен студенттер ғылыми саланы қаржыландыру жалғасады деген жаңалықты оң бағалады.

Журналистика факультетінің оқытушысы ретінде мені Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты интернет, әлеуметтік желілер, теледидар және басқа ақпараттық құралдарында кең көлемде  талқылануы қуантты.