Ғани БЕЙСЕНБАЕВ, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі: Білім беру жүйесінің беткеұстарыFarabi University

Ғани БЕЙСЕНБАЕВ, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі: Білім беру жүйесінің беткеұстары

30 желтоқсан, 2024

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы! Құрметті әріптестер! 

Уақыттың ұлы көшін­де асқақ асулардан асып, биік белестерді бағын­ды­рып, мерейтойға үл­кен табыспен келген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы­мен шын жүректен құт­тық­таймын!

Кемел келешектің кіл­ті қашанда сапалы бі­лімде. Бұл тұрғыда білім мен ғылымның орта­лы­ғына айналған оқу ор­ны­ның отандық білім беру кеңістігіндегі алар орны ерекше. Ғасырға жуық тарихы бар жоғары оқу ор­ны Қазақстандағы бі­лім беру жүйесінің бет­ке­ұстар көркі, универ­си­теттік дәстүрлердің, кә­сіби білікті ғылыми және педагогикалық мек­­­тептердің бастау көзі болды. Қасиетті қара шаңырақтың қалыптасу тарихында белгілі ұлт зиялылары Қаныш Сәт­баев, Әлкей Марғұлан, Мұхтар Әуезов, Зей­нол­ла Қабдолов, Әбіш Ке­кіл­баев, Мұхтар Мағауин, Ду­лат Исабеков, Әзілхан Нұр­шайықов, Қадір Мыр­за Әлі, Тұманбай Мол­да­ғалиев, Олжас Сү­лей­мен­ов сынды көр­нек­ті тұл­ғалар өшпес із қал­дыр­ды.

Білім ордасы еліміз­дің әлеуметтік-саяси өмі­­рі­не және эко­но­микасына зор үлес қосып, кәсіби ма­ман даярлауда халық­ара­лық озық тәжіри­бе­лерді енгізу арқылы ө­зінің кадрлық әлеуетін күшейтті.

Құрметті әріптестер!

Мерейтой құтты бол­сын! Еліміздің жарқын болашағы және ғылыми, ұйымдастырушылық қыз­меті жолындағы ізгі ізденістеріңіз сара да салмақты табыстарға ұла­сып, әрдайым халық­тың ілтипатына бөлене бе­рулеріңізге тілектестік білдіремін.