Тұрлыханқызы ҚұралайFarabi University

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тұрлыханқызы Құралайдың «Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскердің кінәлі әрекеттеріне байланысты еңбек шартын бұзу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Инновациялық Еуразия университетінің «Экономика және құқық» кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Алдашев Сарсенгали Мирзалинович - заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 12.00.05.;

2. Исаева Айнұр Женисовна – PhD докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті экономика және құқық институты құқықтану білім беру бағдарламасының аға оқытушысы (Қызылорда қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D03100 – «Құқықтану».

Ғылыми кеңесшілер:

1. Бурибаев Ермек Абильтаевич - заң ғылымдарының докторы, профессор, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы - Ректоры (Талдықорған қ., Қазақстан).

2. Вартанян Авак Михайлович - заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының орынбасары (Гродно қ., Беларусь).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Жетписов Серик Кожанович - заң ғылымдарының докторы, профессор, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Құқықтану кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қ., Қазақстан);
  2. Аралбаева Айгерим Адиловна - заң ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы Нотариаттық палатасының нотариусы (Алматы қ., Қазақстан);
  3. Исмоилов Шухратжон Абдусаминович - заң ғылымдарының докторы, доцент, Ташкент мемлекеттік заң университеті, Еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі (Ташкент қ., Өзбекстан).

Қорғау 2024 жылдың  21 ақпан күні сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 413 аудиторияда өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/95149505293?pwd=cOgihUjRaEBoATz10PIg9kbTuPMlEC.1

Конференция идентификаторы: 951 4950 5293

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық