- Басты бет
- Қазақстан халқы Ассамблеясы
- ТДМ №4: «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» және «Төзімділік – біздің ортақ құндылығымыз» атты тəрбиелік іс-шарасы өтті
ТДМ №4: «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» және «Төзімділік – біздің ортақ құндылығымыз» атты тəрбиелік іс-шарасы өтті
Университетіміздің №9 Студенттер үйінде «16 қараша – Халықаралық төзімділік күніне» орай 2024 жылдың 14 қараша күні «Саясаттану жəне саяси технологиялар» кафедрасы меңгерушісінің оқу-əдістемелік ісі жөніндегі жəне тəрбие жұмысы орынбасары Ж.А. Басыгариева, аға кураторы Л.С. Шынгысбаев, 1-курс магистранты А.Қ. Тəліптің бірлесе ұйымдастыруымен «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» және «Төзімділік – біздің ортақ құндылығымыз» атты тəрбиелік іс-шарасы өтті.
Бұл іс-шараға «Философия жəне саясаттану» мамандығының студенттері, оқу ордамызға Ауғанстан мен Бангладештен келіп білім алып жатқан студенттер қатысты. Іс-шарада «төзімділік» ұғымы кеңінен түсіндірілді, студенттер өз ұлтының мəдениетімен таныстырды. Аталған іс-шара өзара толеранттылықты нығайтуға, қоғамда бірлік пен келісім құндылықтарын дəріптеуге арналды.