ТДМ №4: «Жаңа Қазақстанға өз үлесімді қалай қосамын?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Farabi University

ТДМ №4: «Жаңа Қазақстанға өз үлесімді қалай қосамын?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

23 қазан, 2024

«Жаңа Қазақстанға өз үлесімді қалай қосамын?» тақырыбында Түркітану мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен топ эдвайзері Даулет Айгул 2024 жылдың 23 қазан күні №17 студенттер үйінде дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелге қатысқан жастар еліміздің болашағы үшін маңызды мәселелерді талқылап, «Жаңа Қазақстанға өз үлесімді қалай қосамын?» тақырыбы аясында пікір алмасты. Сонымен қатар студенттер қоғамдағы маңызды мәселелерге өз көзқарастарын білдірді.

Дөңгелек үстел барысында студенттер бірнеше маңызды тақырыптарды қозғады. Соның ішінде білім мен қоршаған орта, сауаттылық жайы, оның маңыздылығы туралы тақырыптарда тұшымды ойлар айтылды. Сол арқылы қазіргі заманның ең басты ресурсы – білім екені тағы да дәлелденді. Сонымен қатар, жастар еліміздің дамуы мен өркендеуіне тек оқумен ғана емес, белсенді әрі сапалы жұмыс істеу арқылы да үлес қосуға болатындығын баса айтты. Әрбір жас азамат өзінің кәсіби және азаматтық жауапкершілігін сезініп, қоршаған ортаны қорғау, сауатты қоғам құру, ғылыми еңбек жазу сияқты салаларда табысты болуға ұмтылуы керек деп есептейді. «Жаңа Қазақстан – білімді, рухани бай, сауатты жастардың Қазақстаны. Біз, болашақ түркітанушылар, осы мақсатқа жету үшін оқып, еңбектеніп, еліміздің дамуына үлес қосамыз» деп студенттер өз сөздерін қорытындылады.

Бұл дөңгелек үстел – жастардың еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарайтынын және жауапкершіліктерін сезінетінін дәлелдейтін маңызды шара болды.