«Әпке» спектакліне философиялық көзқарас: құндылықтар, махаббат, жауапкершілік"Farabi University

«Әпке» спектакліне философиялық көзқарас: құндылықтар, махаббат, жауапкершілік"

13 ақпан, 2025

 

2025 жылғы 13 ақпанда философия кафедрасының оқытушылары мен 2-курс студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, Дулат Исабековтың "Әпке" спектаклін тамашалады.

Қойылым көрермендерді терең ойға жетелеп, қазақ отбасының құндылықтарын, бауырмалдық пен жауапкершілікті көрсететін әсерлі туынды ретінде қабылданды. Студенттер спектакльден үлкен әсер алып, отбасы тақырыбының философиялық қырлары туралы өзара пікір алмасты.

Кеш соңында кафедра оқытушылары театр әртістеріне алғыстарын білдіріп, студенттермен бірге қойылымның мазмұны мен оның философиялық маңызы туралы талқылады. Бұл сапар студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, олардың мәдени танымын арттыруға ықпал етті.